06.08.2020, 17:20

Қазақстанда коронавирустан көз жұмғандардың саны 1159-ға жетті

Фото: ашық дерек көзі
Елімізде коронавирустан жалпы саны 1 159 адам қайтыс болды.

Тағы 34 адам Қазақстанда коронавирустан қайтыс болды. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі мәлім етті, деп хабарлайды zakon.kz.

Елімізде коронавирустан жалпы саны 1 159 адам қайтыс болды.

Қазіргі уақытта 26 726 адам коронавирус инфекциясынан емделіп жатыр, оның ішінде 144-і - бала. Ауруханаларда 5 718, амбулаториялық деңгейде 21 008 науқас ем алуда. 198 адамның жағдайы ауыр, 29-ның жағдайы өте ауыр деп бағаланады, 41 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.