Қазақстанның жеті облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Қазгидрометке сілтеме жасап.
7 тамызда Ақмола облысының солтүстік-батысында күн күркіреп, найзағай жарқылдайды. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с жетеді. Кей жерлерде жоғары өрт қаупі сақталады.
7 тамызда Маңғыстау облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін. Күндіз солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с жетеді.
7 тамызда Ақтөбе облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, дауыл соғады, күндіз бұршақ жаууы мүмкін. Солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, кей жерлерде күші 15-20 м/с жетеді. Күндіз облыстың оңтүстігінде өте жоғары өрт қауіпі сақталады.
7 тамызда Атырау облысының кей жерлерінде найзағай жарқылдайды. Күндіз кей жерлерде солтүстік-батыс, солтүстіктен жел соғады, күші 15-20 м/с. Күндіз 36 градусқа дейін қатты ыстық күтіледі, өте жоғары өрт қауіпі сақталады.
7 тамызда таңертең және күндіз Түркістан облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, дауыл тұрады, солтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с жетеді. Кей жерлерде өте жоғары өрт қаупі сақталады.
7 тамызда Қызылорда облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, солтүстік-батыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с жетеді. Күндіз өте жоғары өрт қаупі сақталады. Ертең күндіз Қызылорда қаласында найзағай ойнап, солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді.
7 тамызда Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, бұршақ жауады. Солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с жетеді.