$ 494.87  520.65  4.91

Алматыда әл-Фарабидің 1150 жылдығына орай ашылған журналдың екінші саны басылып шықты

Журналдың басты мақсаты – Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдығы жайлы ақпарат тарату, оны оқырманға жеткізу.

Алматыда 31 шілдеде ойшыл, әлемнің екінші ұстазы атанған Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдығына орай және Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында «әл-Фараби» ғылыми орталығына аңдатпамен ашылған «Кітап & кітапхана» журналының екінші саны жарыққа шықты, - дeп хабарлайды Sn.kz.

Журналдың басты мақсаты – Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдығы жайлы ақпарат тарату, оны оқырманға жеткізу.

Журнал Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2019 жылдың 2 қыркүйектегі «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты жолдауында атап көрсетілген «Мәдениет қызметкерлерін қолдау» туралы тұжырыммен ашылды.

Журналдың бірінші санында Әбу Насыр әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың саяси ғылымдар кандидаты П.Сүлейменовтің «Общественно-политические взгляды Абу Насра Аль-Фараби» атты мақаласы ұлы даланың ұлы тұлғасы әл-Фарабидің 1150 жылдығына лайықты тарту болды.

Сонымен қатар А.С.Пушкин атындағы әмбебап ғылыми кітапханасының директоры Ш.Дінәсілованың «Абай. Руханият. Еуропа төріндегі төрт аялдама» атты мақаласы әлемдік деңгейдегі кемеңгер ақынның 175 жылдығына арналды.

Бұл жолы да кәсіби-сараптамалық журналының екінші саны ұлы тұлғалар жайлы оқырманға кеңінен ақпарат беруге арналып отыр.

Айта кетейік, Ұлттық кітапханалағы «әл-Фараби» ғылыми орталығы орталық кітапхана қорынан әл-Фараби шығармаларынан және ол туралы материалдардан ашық қолжетімді көрме ұсынады. Онда әл-Фарабидің өмірі мен шығармашылығы туралы материалдар, философтың еңбектері және оның әлем халықтарының түрлі тілдеріне аударылған дүниелері, белгілі отандық және шетелдік ғалымдардың, философтардың, тарихшылардың зерттеулері, электрондық басылымдар, мерзімді басылымдардан алынған құжаттардың дерек қоры, еңбектерінің жинағы бар.

«ҚР Ұлттық кітапханасындағы әл-Фараби ғылыми орталығы ойшылдың ғылыми еңбектерінің мұрасын терең зерделеуге және көпшілік іс-шараларды өткізуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ, орталықта белгілі фарабитанушы ғалымдармен, академиктермен кездесулер ұйымдастыру, тақырыптық конкурстар, экскурсиялар өткізу, әл-Фараби туралы фильмдер көрсету және т.б. іс-шаралар өткізуге жағдай жасалады», – деген болатын Ұлттық кітпахана директоры Бақытжамал Оспанова.

Расында да, кітапхананың орталық қоры үнемі жаңа басылымдармен және материалдармен толықтырылып отыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары