$ 498.34  519.72  4.85

Вице-министр Қостанай облысындағы ТЖ алдын алу жұмыстарымен танысты

Бөлімшелердің жеке құрамымен кездесу барысында ол азаматтық қорғау органдарындағы қызметтің беделіне және қызметтік міндеттерді орындау бойынша қызметкерлердің өздерінің жауапкершілігіне баса назар аударды.

Бүгін Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильин Қостанай облысына жұмыс сапарымен келді. Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетовпен кездесу барысында Юрий  Ильин Департаменттің жаңа бастығы - азаматтық қорғау полковнигі Біржан Кәрімовты таныстырды, - дeп хабарлайды Sn.kz.

Облыс басшысымен өңірдің азаматтық қорғау жүйесін жетілдіру, түрлі Төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою бойынша жергілікті атқарушы органдар мен азаматтық қорғау қызметтерінің өзара іс-қимылын нығайту бойынша кең ауқымды мәселелер талқыланды.

Төтенше жағдайлар департаментінде өткен кеңесте Министрдің орынбасары Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің алдында тұрған табиғи және техногендік сипаттағы Төтенше жағдайлардан ел халқы мен аумақтарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі басым міндеттерге тоқталды.

«Облыстағы барлық Төтенше жағдайлардың алдын алу сіздердің міндеттеріңіз. Бұл Отан алдынағы парызбен тең. Біз барлық техникамен, барлық құралдармен қамтамасыз етеміз. Сіздер тек адал қызмет етсеңіздер болды. Себебі халықтың өмірі мен денсаулығы біздің жұымысымызға тікелей байланысты. Әрбір тұрғынның өмірі мен денсаулығы үшін біз де жауапты екенінімізді ескере жүрейік. Жұмыстарыңызға толағай табыстар тілеймін!», - деді вице-министр. 

Юрий Ильин департамент бастығына жеке құрам арасында заңдылықты қамтамасыз ету және қатаң тәртіпті сақтау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету, халықтың ТЖ қызметкерлері мен өрт сөндірушілерге деген сенім деңгейін арттыру бойынша барлық қажетті шараларды қабылдауды тапсырды.

Сонымен қатар Юрий Ильин гарнизонның жеке құрамына облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің жаңа бастығын таныстыра отырып, ол Қостанай облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бұрынғы бастығы Талғат  Кәкімов пен «Қостанай облысы ТЖД ӨС және АҚЖҚ» ММ бастығы Марат Жүсіповтың облыстық ведомстваның қызметін жандандыру және азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесін дамыту бойынша үлкен ұйымдастырушылық жұмысын атап өтіп, Құрмет грамоталарын табыс етті.

Күннің екінші жартысында Юрий Ильин «Қостанай облысы ТЖД ӨС және АҚЖҚ» ММ-ға барды. Содан кейін ІІМ және аумақтық департаменттер қызметтерінің басшыларымен бекітілген күн тәртібі бойынша бейнеселектор режимінде апта сайынғы жұмыс кеңесіне қатысты.

Белгіленген бағдарламаға сәйкес Юрий Ильин «Қостанай облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ бөлімшелерінде болды.
«Облысымызда жедел-құтқару жасағының қару-жарақ, техника-жабдықтары толық қамтамасыз етілген. Кез келген Төтенше жағдайдың алдын алуға немесе төтеп беруге күшіміз жетеді. Біз өз мамандығымыз бен кәсібімізге адалмыз, әрбір тұрғын үшін жауаптымыз», - деді азаматтық қорғау полковнигі Біржан Кәрімов.

Қостанай қаласы № 1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі мен жедел-құтқару жасағының қару-жараққа түскен техникасы мен жабдықтарын пайдалану шарттарымен танысты.

Бөлімшелердің жеке құрамымен кездесу барысында ол азаматтық қорғау органдарындағы қызметтің беделіне және қызметтік міндеттерді орындау бойынша қызметкерлердің өздерінің жауапкершілігіне баса назар аударды.

Қостанай қаласы 1 – МӨСБ аумағында Юрий Ильин қызметтік борышын атқару кезінде қаза болған өрт сөндіруші-құтқарушылар ескерткішіне гүл шоқтарын қойды. Өрт сөндіру бөлімі ғимаратының қасбетінде орнатылған Чернобыль батыры Леонид Телятниковтың мемориалдық тақтасын қарап шықты.

Сонымен қатар, облыстық ведомствоның жауынгерлік даңқ мұражайына барғанды атап өту керек. Өткен және қазіргі заманғы өрт техникасы мен басқа да құтқару жабдықтарының тарихи құжаттарынан басқа, елордадан келген мәртебелі қонаққа Қостанай облысының өртке қарсы қызметі мен өңірдің басқа да құтқару бөлімшелері қалай ұйымдастырылғанын және дамығанын айтты.

Күннің екінші жартысында Министрдің орынбасары IKomek мониторинг және жедел ден қою орталығының қызметімен танысты. Тобыл қаласындағы спорт стадионына барып, спортшыларды жаттықтыру үшін оқу-жаттығу мұнарасы салынды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары