Қазақстанда 8-10 тамызда жаңбыр жауып, күн суытады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы"Қазгидромет" орталығына сілтеме жасап.
Ақпарат бойынша, алдағы үш күнде Қазақстан аумағынан оңтүстік циклон өтеді, сондықтан елдің басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады. Күн күркіреп, жауын жауады, солтүстік-батыста кей жерлерде нөсер болуы мүмкін. Кей жерлерде бұршақ жаууы мүмкін.
Еліміздің шығысында ғана ауа райы жауын-шашынсыз. Республика бойынша кей жерлерде жел күшейеді.
Бұған дейін синоптиктер Қазақстанда шілде айында ыстықтан көпжылдық рекорд орнағанын хабарлаған болатын.
Ал 6 тамызда Маңғыстау облысында жаңбырдың жеті айлық мөлшері жауды. Ақтауда көшелерді су басты.