$ 494.87  520.65  4.91

Ұлттық гвардия шенеунігі тергеліп жатыр

Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етілмейді.

 ҚР Ұлттық гвардиясы өңірлік бөлімі қолбасшысының орынбасары жанар-жағармай материалдарын ұрлау күдігіне ілінді. Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі 1-ші департаментінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Бигайдаров айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

«Қарағанды облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі ҚР ҰҚК қызметкерлерімен бірлесіп, 2020 жылғы 1 тамызда жанар-жағармай материалдарын заңсыз иемдену арқылы мүлікті жымқырғаны үшін күдікке ілінген Қазақстан Республикасы Ұлттық гвардиясының 52859 әскери бөлімі өңірлік қолбасшылығының орынбасарын ұстады», - деді тергеуші.

Оның атап өтуінше, қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етілмейді.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары