21.07.2020, 15:10

Қазақстанда телерадио хабарларын тарату желісі дамытылады

Фото: ашық дерек көзі
Ең алдымен, Талдамалы материалдар, шығармашылық және мультимедиялық контент үлесінің артуын ескере отырып, мемлекеттік тапсырысты қайта форматтау қолға алынады.

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі идеологиялық бағыттағы бес ірі салаға жауап береді. Бұл ақпарат, азаматтық қоғам, ұлтаралық қатынастар, дін және жастармен жұмыс салалары. Тұтастай алғанда, министрліктің қызметі ақпараттық-идеологиялық жұмыс саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі контурларын жиынтығында айқындайтын бағыттардың кең спектрін қамтиды. 

Осылайша, 2020 жылы мемлекеттік БАҚ-тың бірыңғай жүйесі іске қосылды. Ұлттық жоспарда алдағы екі жылға арналған нақты жұмыстар тізбегі қарастырылған. Сондай-ақ, Қазақстанда жаңа екі телеарна іске қосылды. 

Сонымен қатар ақпарат және қоғамдық даму министрлігі телерадио хабарларын тарату желісін дамыту саласына баса назар аударып отыр. 

Қазір  ел халқының 84%-тен астамы цифрлық эфирлік телерадио хабарларын таратумен қамтылған, сондай-ақ, осы бағытта әрі қарай да жұмыстар жалғасады.

Маңғыстау, Жамбыл, Түркістан, Алматы, Павлодар, Қостанай облыстарында және Шымкент қаласында аналогтық теледидар толығымен өшірілді.

2020 жылдың соңына дейін Солтүстік Қазақстан облысы мен Алматы қаласы цифрлық эфирлік телерадио хабарларын таратуға көшеді.

Министрлік радио хабарларын таратуды дамыту тұжырымдамасы бойынша жұмысты бастады, онда жабдықтарды жаңғырту, сондай-ақ, әсіресе елдің шекаралас аудандарында радио хабарларын тарату желісін кеңейту бойынша жаңа тәсілдер енгізілетін болады. 

Бүгінгі таңда коронавирустық пандемияға байланысты бұқаралық ақпарат құралдары үлкен экономикалық қиындықтарға тап болып отыр. Ағымдағы жылы жарнамалық кірістердің жоғалу болжамы орташа есеппен 30-дан 60% -ға дейін төмендейді деп болжанып отыр.

Дағдарысқа қарсы шаралар аясында парламент 2020 жылдың 1 сәуірінен 1 қазанына дейінгі кезеңге еңбекақы төлеу қорынан салықтар мен міндетті аударымдарды төлеуден босатуды көздейтін заңнамаға түзетулерді мақұлдады.

Сонымен қатар бұқаралық ақпарат құралдары саласын дамытуға байланысты министрліктің алдында үш айқын бағыт көрсетілген.

Ең алдымен, Талдамалы материалдар, шығармашылық және мультимедиялық контент үлесінің артуын ескере отырып, мемлекеттік тапсырысты қайта форматтау қолға алынады.

Екіншісі, баспа БАҚ холдингтерін, интернет-ресурстарды және телерадиохолдингті құра отырып, мемлекеттік медиаресурстарды оңтайландыру жүзеге асырылады. Сонымен қатар Қазмедиаорталықты жаңғырту жоспары тұр.

Сонымен қатар мемлекет бұқаралық ақпарат құралындағы ақпаратпен қатар әлеуметтік желідегі жалған ақпаратқа қатысты ойын айтты. Енді мемлекетдеструктивті ақпаратты тарататын Telegram-арналарға қатаң шаралар қабылдайды. Бұл жайында ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева мәлімдеген болатын.

Министрдің айтуынша, анонимді Telegram-арналар саны өте көп. Ол сөзінде өзінің жалпы тыйым салу әрекетіне қарсы екенін, алайда жалған сөз министр мен әріптестеріне қатысты сынға қатысты болса, бірақ егер іс деструктивті ақпаратқа, ұлттық қауіпсіздікке қауіп төндіретін ақпаратқа қатысты болса, мемлекет заңнамаға сәйкес қатаң шаралар қабылдайтынын айтты. Сонымен қатар министр анонимді Telegram арналарының авторларын анықтау қиын екенін айтты. 

Айта кетейік, қазір Қазақстан Республикасының ақпараттық саясатының өзінің заңнамалық, саяси және әлеуметтік базасы бар. ҚР Конституциясының 20-бабының 1-тармағында сөз бен шығармашылық еркіндігіне кепілдік берілген, цензураға тыйым салынған, әркімнің ақпаратты заңмен тыйым салынбаған кез келген тәсілмен алу және тарату құқығы бекітілген. Сонымен бірге халықаралық тәжірибеде қабылданған шектеулер де бар. ҚР Конституциясының 20-бабының 3-тармағында Республиканың институционалдық құрылысын күштеп өзгертуді, тұтастығын бұзуды, мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіруді, соғысты, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тектік-топтық және рулық артықшылықты, сондай-ақ қатыгездік пен зорлық-зомбылыққа табынуды насихаттауға немесе үгіттеуге жол берілмейді. Аталған бостандықтар, құқықтар мен шектеулер "бұқаралық ақпарат құралдары туралы"ҚР Заңының 2-бабында да қарастырылған.

Тегтер: Қазтелерадио