$ 494.87  520.65  4.91

Нұр-Сұлтанда 11 жыл қатарынан ұйымдастырылып келе жатқан шара өтпейтін болды

Солардың арасында бокстан Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев пен астана әкімі Алтай Көлгінов болды.
фото: elorda.info
фото: elorda.info

 Елордада жыл сайынғы Astana Marathon 2020 коронавирусқа байланысты өткізілмейді, деп хабарлайды Sputniknews.kz.

"Бастапқыда қыркүйек айына таман шектеулер жеңілдетіліп, жарыс болады деп ойлаған едік. Бірақ өзге марафон ұйымдастырушылары сынды біз де қатысушылардың қауіпсіздігін толықтай қамтамасыз ете алмаймыз. Денсаулық пен қауіпсіздік - біз үшін ең басты орында ", - деп жазылған Astana Marathon-ның Instagram парақшасында.

Тіркелген адамдар салымға байланысты электронды хат алады.

Елордадағы марафонға 27 елден бес мыңнан астам адам қатысты. Солардың арасында бокстан Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев пен астана әкімі Алтай Көлгінов болды. 

Қайырымдылық жүгіру шарасы 2009 жылдан бері өткізіледі. Осы жылдары қазақстандық қайырымдылық ұйымдарға 97 мың доллардан астам қаражат жиналды.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары