$ 498.34  519.72  4.85

Қызылордадағы Абай ескерткішіне гүл шоқтары қойылды

Елімізде тұңғыш рет аталып өтіп жатқан Абай күніне орай Сыр өңірінде бірқатар шаралар өтіп жатыр.

Бүгін Абай күні аясында Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықова Қызылорда қаласындағы «Мұрагер» мектебінде болып, Абай ескерткішіне арнайы гүл шоқтарын қойды. Облыс әкімі жаңа оқу жылына қарай білім беру ошағына Абай есімі берілетінін айтты.

«Бүгін қазақ руханияты үшін айтулы күн. Мемлекет басшысының жарлығымен ұлы Абайдың 175 жылдық мерейтой жылы бекітіліп, республика көлемінде аталып өтілуде. Ұлы Абайды ұлықтау арқылы халқымыздың ұлттық қадір-қасиетін, рухани-адамгершілік құндылықтарын, әдебиетіміз бен мәдениетімізді әлемге тағы бір қырынан таныта аламыз. Абай күнін атап өтудің облыстық іс-шаралар жоспары бекітілді. Жас ұрпақ Абай мұрасын оқу арқылы тәлім мен тәрбие, ізгілік пен адалдықты ту етеді, – деді Гүлшара Наушақызы.

Елімізде тұңғыш рет аталып өтіп жатқан Абай күніне орай Сыр өңірінде бірқатар шаралар өтіп жатыр. Атап айтқанда, «Абай мұрасының ұлттық әдебиет пен мәдениеттегі маңыздылығы» атты республикалық онлайн конференциясы, «Абай – адамзат тарихындағы ұлы тұлға» тақырыптарында Абай оқулары, халық артисі Ерсайын Төлеубайдың «Абай» спектаклінің онлайн көрсетілімі ұйымдастырылуда. Сонымен қатар, мектеп оқушылары арасында онлайн форматта Абайдың қара сөздерін оқудан челлендж, сурет байқауы өтеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары