10 тамызда 31 жастағы Сұрхандария тумасы Ташкенттегі "Саёхат" қонақ үйінде жатқан жерінен төртінші қабаттан секіріп, қайтыс болған, деп хабарлайды Сentralasian.org.
Бас прокуратура мәліметінше, ер азамат 4 тамызда Ресейдің Қазан қаласынан Ташкентке ұшып келіп, бірден карантинге жатқызылған. 7 тамызда одан COVID-19 вирусы бар, жоғын тексеру үшін сынама алған. Нәтижесінде вирус анықталмаған.
Марқұмның туыстары соңғы кезде онда психикалық өзгерістер байқалып жүрді дейді. Қазір тергеу жұмыстары жүріп жатыр.
Биыл маусым айында Ташкент түбіндегі "Уртасарай" орталығында карантинде жатқан 42 жастағы ер адам да өзіне қол жұмсаған.