$ 498.34  519.72  4.85

«Індеттің өршіп кету қаупі бар?» - Алтай Көлгінов

Ендігі кезекте біз күзге дайындалуымыз қажет. Себебі, ол кезде вирустық инфекциялар маусымы басталады.
фото: elorda.info
фото: elorda.info

Нұр-Сұлтан әкімі тұрғындарға күз мезгілінде барынша сақ болу керектігін ескертіп отыр. Оның сөзінше, карантин нәтижесінің қазіргі көрсеткішін сақтап қалу маңызды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Көлгінов Астана телеарнасына берген сұхбатында күзде Елордада қатаң карантин жариялануы немесе жарияланбауы эпидемиологиялық жағдайға байланысты болмақ. Сондай-ақ елдегі бас қаланың әкімі карантин режимі қайта енгізілмеуі үшін не істеу керектігін айтты. 

"Дер кезінде қабылданған карантиндік шаралар мен дәрігерлердің арқасында оң өзгеріс бар. Енді біз карантиннен кейінгі кезеңге дайындықты бастап кеттік. Осы аптада үкіметтегі ведомствоаралық комиссия қабылданған шаралардың нәтижесін және карантиндік шаралардың аяқталғаны туралы хабарлайды", - деді А. Көлгінов.

Мұнан бөлек, қала әкімі бастапқы төтенше жағдай жарияланғаннан кейінгі қателікті қайталамау керектігін көпшілікке ескертті. Оның пайымдауынша, халыққа босаңсып, арқаны кең жаюға әлі ерте. Адамдар сақтық шараларын сақтамаса, жағдай тағы да қайталануы мүмкін. 

"Алғашқы карантиннен кейін қателік жасамайық, әйтпесе, қатаң карантин енгізілуі мүмкін екенін талай рет ескерттік. Ақыры солай істеуге тура келді. Естеріңізде болса, ауруханалар науқастарға лық толды. Жедел жәрдемге 4 мың адамға дейін хабарласты. Сол кезде медицина мамандарына үлкен салмақ түсті

Ендігі кезекте біз күзге дайындалуымыз қажет. Себебі, ол кезде вирустық инфекциялар маусымы басталады. Демек, індеттің өршіп кету қаупі бар. Оны жоққа шығара алмаймыз. Сондықтан барынша сақ болуымыз керек", - деді Елорда әкімі. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары