$ 448.15  483.46  4.86

Ресей азаматтары бірнеше айдан бері Тәжікстаннан елдеріне қайта алмай жүр

Коронавирус пандемиясына байланысты халықаралық әуе байланыстарының бәрі наурыз айынан бері тоқтаған.

12 тамызда Ресейдің ондаған азаматы Душанбедегі РФ елшілігі алдына жиналып, Тәжікстаннан алып кетуін талап етті. Олар бірнеше ай бойы Ресейге қайта алмай отырғанын айтқан, деп хабарладй Сentralasian.org.

Сәрсенбі күні елшілік алдына жиналғандар саны 50-ден асты. Олардың көбі - Ресей азаматтығын алған тәжікстандықтар. Көбі жаңа оқу жылы жақындап қалғанын, балаларын мектепке дайындау қажеттігін айтып, қайтуға асығады.

Тәжікстандағы Ресей елшілігінің хабарлауынша, шілде айына дейін 23 рейс қатынап, 3200-ден астам азаматын алып шыққан.

Ресейлік Любовь Васильевна Озоди радиосына бірнеше ай бойы арнайы рейске тап бола алмай отырғанын айтады.

"Бірнеше айдан бері күтіп жүрміз. Ешкім жөнді жауап бермейді. Қайда барарымызды білмейміз. Тіптен сөйлескісі келмейді. Қаншама адам жиналып тұр, бәрі Ресейге қайтқысы келеді", - дейді Любовь Васильевна.

Дипломаттар болса, Тәжікстанда тұрып жатқан Ресей азаматтары әлі мемлекеттік қызмет көрсететін біріңғай порталға тіркелмегенін айтады. Сол себептен олар Ресейден келіп жатқан арнайы ұшақтарға отыра алмайды.

Коронавирус пандемиясына байланысты халықаралық әуе байланыстарының бәрі наурыз айынан бері тоқтаған.

Тәжікстанның азаматтық авиация агенттігінің басшысы Икром Субхонзода 27 шілде күні Росавиация Душанбеге әуе қатынасын қалпына келтіруге дайын екенін хабарлады деп мәлімдеген.

"Біз де өз тарапымыздан барлық санитарлық талаптарды сақтай отырып, рейстердің тұрақты ұшуын қалпына келтіруге дайын екенімізді жеткіздік" деп атап өткен Субхонзода.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары