$ 449.3  489.69  4.89

Қызылордадағы қоғамдық көліктердің жолаушылары Абай әндерін тыңдады (ВИДЕО)

Абайдың музыка әлемі ерекше.

Абай сөзі әр қазақтың жүрегінде екені даусыз. Абай мұрасын насихаттау – әрбір қандасымыздың міндеті. Осы орайда Қызылорда облыстық «Рухани жаңғыру» орталығы мамандарының ұйымдастыруымен қаладағы қоғамдық көліктерге Абай әндерінің үнтаспалары таратылды. Абай күнінде жүзеге асырылған мұндай шараға қала тұрғындары жылы лебіздерін білдірді.

«Жер бетінде Абайды білмейтін халық жоқ деп ойлаймын. Өйткені, Абайдың шығармалары көптеген тілге аударылды. Бүгінде Абайдың қара сөздерін қаншама ел мәдениеттің үлгісі ретінде қолданып отыр. Біздің жастарымыз қара сөздерді көбірек оқыса екен деймін. Қара сөзден тәлім-тәрбие алған ел жастары келешекте жақсы азамат болып шығады деп сенемін!», - деді қала тұрғыны.

Абайдың музыка әлемі ерекше. Хакім Абайдың поэзиясы, қара сөздері өз алдына бір төбе болса, әндерінің жүрекке жылы тиіп, адам жанын жадыратып тастайтын күші бар. Абайдың әсем әндерін тыңдаған Сыр жұртшылығы да күйбең тірліктен бір серпіліп қалғандай.

«Қазіргі жастардың көп уақыты телефонға үңілумен өтеді. Әрбір жас күнделікті уақытының бір бөлігін Абай шығармаларын оқуға арнаса жақсы болар еді. Абайды оқыған адам ешқашан жаман болмайды!», - деп пікір білдірді қоғамдық көлік жолаушысы.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары