$ 449.3  489.69  4.89

Министрлік балаларды қазақ тілінде сөйлетудің амалын тапты

Қазақстанда кабельді операторлар арқылы тарайтын шетелдік арналардың өнімдері қазақ тіліне аударылады.
Фото: 24.kz
Фото: 24.kz

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі танымал шетелдік мультарналарды қазақ тіліне аудару мәселесін қарастырып жатыр. Бұл туралы вице-министр Болат Тілепов мәлім етті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Оның айтуынша, ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің тапсырмасымен руханияттың өзегі – тіл мәселесіне қатысты бастамалар қарастырылып жатыр.

"Мәселен, елімізде кабельді операторлар арқылы тарайтын шетелдік арналардың өнімдерін қазақ тіліне аударуды жоспарлап отырмыз. Әрине, кез келген тілдің ертеңі – бала тілінде. Сондықтан бұл жұмысты танымал шетелдік мультарналардан бастау керек деген ұсыныс бар", - деді Тілепов орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте.
Вице-министрдің айтуынша, осы іспетті бастамалардың барлығы қоғамдық талқылаудан өтеді. Сол кезде зиялы қауым, сарапшылар мен ата-аналардың пікірі ескеріледі.

"Таңданыспен қарайды": Тоқаев қазақ тілінің мүшкіл хәлі туралы айта бермеуге шақырды 

Айта кетейік, брифинг кезінде вице-министр "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында үш жылдың ішінде атқарылған жұмыстарды қорытындылап, халық алдында есеп берді.

Оның айтуынша, осы уақытқа дейін бағдарламаны басқарудың институтционалдық негізі қаланды, барлық өңірде жобалық кеңселер ашылды. Сөйтіп, әр жердің ерекшелігіне қарай мазмұндық жоспарлар жасалды. Дегенмен, іс-шараларды өткізу кезінде науқаншылыққа да жол берілді.

"Жасыратыны жоқ, кейбір жерлерде есеп беру мен науқаншылық сияқты үрдістер болған. Ол жайында мемлекеттік комиссияның отырысында да айтылды. Нәтижесінде өңірлердегі барлық шараға қайта талдау жасалып, рухани жаңғыруға мүлдем қатысы жоқ, мағынасы саяз, мақсаты сұйық көптеген шара алынып тасталды. Мәселен, былтырғы жоспарда 229 шара көзделген болса, биыл барлығы – 97", - деп түйіндеді Тілепов.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары