Үнділік Zydus Cadila фармацевтикалық компаниясы COVID-19-ды емдеуге арналған Remdac атты вирусқа қарсы препаратты сатуды бастады, деп хабарлайды zakon.kz IndiaTVNews-ке сілтеме жасап.
Remdac қазіргі уақытта тек Үндістанда ғана сатылады. Бұл - ремдесивирдің негізінде жасалған вирусқа қарсы препараттың арзан нұсқасы. Бәрінің 100 мгиллиграмдық бір шишасы 2 800 рупий немесе 37,4 доллар тұрады.
Патенттелмеген дәрі-дәрмекті Үндістан сатуға мәжбүр болған. Үндістанның бірқатар штаттарының билік органдары коронавирус науқастарға дәрі-дәрмектер жетіспей жатқандығына, дәрі-дәрмекті уақтылы ала алмағандықтан ауру асқынып жатқанына шағымданған.