$ 494.87  520.65  4.91

Қытайлық бизнесмен әлемдегі ең қымбат бетперде жасатып жатыр

Оның бағасы 1,5 млн доллар немесе 630 млн теңге.
Фото: daletten.kz
Фото: daletten.kz

Израильде Yvel зергерлік компаниясы әлемдегі ең қымбат масканы жасап жатыр, деп хабарлайды Dauletten.kz.

Оның бағасы 1,5 млн доллар немесе 630 млн теңге.

Бетперде 18 карат ақ алтыннан және 3600 гауһар тастан жасалған. Салмағы 240 грамм. Ол әдеттегі маскадан 100 есе ауыр.

Әлемдегі ең қымбат маска қытайлық бизнесменнің тапсырысы бойынша жасалған. Ол тапсырыс берер алдында зергерлерге талап қойған. Біріншісі - тапсырыс жыл соңына дейін дайын болуы керек. Сондай-ақ маска әлемдегі ең қымбат маска саналуы тиіс.

Зергер Бецацель Купер өз сөзінде маскаға қажетті бағалы тастардың барлығын орналастыру оңай болмайтынын, бірақ жұмысты келісім бойынша уақытында аяқтауға тырысатынын айтты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары