15.08.2020, 03:15

Ауа райы: Қазақстанның 8 өңіріне қатысты дауылды ескерту жарияланды

Дауылды ескертудің ықтималдылығы – 70-100%.

Қазгидрометтің хабарлауынша, 15 тамызда Қазақстанның 8 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Атап айтқанда, Қарағанды облысында тұман күтіледі. Сондай-ақ, өңірдің оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Ақтөбе облысында найзағай жарқылдап, күн күркірейді. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан 15-20 м/с жел соғады.

Маңғыстау облысында найғазай жарқылдап, күн күркірейді. Жел солтүстіктен, солтүстік-батыстан соғады, күндіз күші кей жерде 15-20 м/с болады.

15 тамызда түнде және таңертең Ақмола облысында тұман болады.

Батыс Қазақстан облысында найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, кей жерде 15-20 м/с.

Атырау облысында да найзағай жарұылдап, күн күркірейді. Жел батыс, солтүстік-батыстан соғады, күші кей жерде 15-20 м/с.

Қызылорда облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, күші күндіз кей жерде 15-20 м/с. Күндіз өте жоғары өрт қаупі сақталады.

Қостанай облысында найзағай, тұман, дауыл, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, күші кей жерде 15-20 м/с күтіледі.

Дауылды ескертудің ықтималдылығы – 70-100%.