$ 494.87  520.65  4.91

Карантин режимі демалыс күндері сақталады

Министр Алексей Цой демалыс күндері карантин шаралары әлі екі аптаға созылатынын айтты.
Фото: alau.kz
Фото: alau.kz

Елімізде карантин шаралары кезең-кезеңімен жойылу қолға алынғанымен, демалыс күндері ол өз күшінде болады, деп хабарлайды zakon.kz.

Сәйкесінше, демалыс күндері базар мен сауда үйлерінің жұмысы шектеледі.

"Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқарма төрағасының бірінші орынбасары Эльдар Жұмағазиев демалыс күндергі тыйым әлі екі аптаға ұзартылатындығын, егер бизнес карантин талаптарын жақсы сақтаса, одан кейін ол алынып тасталатынын айтты.

"Министр Алексей Цой демалыс күндері карантин шаралары әлі екі аптаға созылатынын айтты. Бизнес кірісі көбінесе демалыс күндері болады. Соған қарамастан біз бұған саналы түрде барып, келісіп отырмыз. Біз бизнестің қаншалықты жауапкершілік танытатынын байқағымыз келеді. Екі аптадан кейін, егер жағдай жақсы болса, біз демалыс күндергі шектеуді жоюды сұраймыз. Бұл - біртіндеп жүзеге асырылатын процесс. Адам денсаулығы - бірінші кезекте, осыны дұрыс түсінуіміз керек", - деді ол.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары