$ 494.87  520.65  4.91

Елімізде теракт жасағысы келген қылмыстық топ ұсталды

Ведомствоның баспасөз қызметі бұл істің мән-жайын анықтады.

Ұлттық қауіпсіздік қызметінің өкілдері Қазақстанда теракт жасағысы келген тағы бір топ адамның ұсталғанын айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Бұған дейін БАҚ-тарда ДАИШ халықаралық террористік ұйымының үш ізбасары қылмыстық топ құрып, Жезқазғанда лаңкестік әрекетке дайындалып жатқаны туралы мәлімет пайда болған еді. 

Ведомствоның баспасөз қызметі бұл істің мән-жайын анықтады. ҰҚК өкілдері ұсталғандардың есімі өзгертілгенін айтады. Олардың айтуынша, теракт жасағысы келгендер істеріне өкінетінін айтқан.

"Террористік топтың басшысы болайын деген Ерлан Қуандықов отбасылық жағдайға байланысты екінші курста ЖОО-ны тастап, Алматыда жұмыс іздей бастайды. Кезекті жұмысынан босатылғаннан кейін ол өзінің досы, діни ілімнің жақтаушысы-жалған салафизмнің діни ықпалына түскен досына туған ауылы Жамбыл облысына барады", - дейді ҰҚК өкілдері.

Содан Қуандықов дін саласын зерттей бастады. Бірақ. ҰҚК мәліметінше, ол мәліметті имамдардан емес, мұсылман дінбасыларының ресми сайттарынан емес, радикал және экстремист сипаттағы материалдары бар әлеуметтік медиадан алған.

"Кейін радикал интернет-насихат аясында Қазақстанда тыйым салынған ДАИШ террористік ұйымына қолдау көрсете бастайды. "Шахид" болуды армандадым. Қуандықовтың Сирияға кетуінің қаржылық мүмкіндігі болмаған... Сол кезде әлеуметтік желілерде шетелдік лаңкестер жергілікті жерлерінде террорлық шабуыл жасауға шақыруы бар роликтерді белсенді тарата бастады. Бұл үндеу Қуандықовты Жезқазғанда шабуыл жасау үшін біріккендер тобын құру туралы шешімге итермеледі", - делінген ҰҚК хабарламасында.

Осылайша, 2018 жылдың 23 қарашасында арнайы қызметтер топтың 5 мүшесін ұстаған.

Тергеу және сот барысында ұсталған барлық айыпталушының өз кінәсін толық мойындап, қылмыс жасағанына өкінгені айтылады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#теракт