$ 448.15  483.46  4.86

«Көп нәрсе айтылмай қалды»: Нұрәлі Әлиев Айсұлтанға арнап ВИДЕО жариялады

Сені үнемі жақсы көретін боламын.
фото: knews.kg
фото: knews.kg

Кәсіпкер әрі инвестор Нұрәлі Әлиев 16 тамызда қайтыс болған інісі Айсұлтанға арнап желіге видео жариялады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Видеода Айсұлтан мен Нұрәлінің бала кезден бері отбасымен бірге түскен суреттері жинақталған. 

 Дариға Назарбаеваның тұңғыш ұлы Нұрәлі Айсұлтан бауырына арнаған жазбасында: "Қымбатты бауырым, менің дәл қазір қандай сезімде екенімді сөзбен жеткізу мүмкін емес. Көп нәрсе айтылмай қалды. Сен мәңгілік менің есімде қаласың. Сені үнемі жақсы көретін боламын. Жатқан жерің жайлы болсын! Шын мәнінде біз Аллаға тиесіліміз,  оған қайтамыз", - деп ағылшын тілінде жазылған.

Канадалық әнші The Weeknd-тің "Final Lullaby" ("Соңғы бесік жыры") әніне негізделген видеодан Айсұлтанның кішкентай кезінен бері түскен суреттерін көруге болады.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары