2021 жылғы 1 қаңтардан бастап микрокредит беруді қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің лицензиясын алған ұйым ғана жүргізе алады. Бұл туралы аталған агенттік басқарма төрағасының орынбасары Нұрлан Әбдірахманов PrimeMinister.kz-ке берген сұхбатында айтты.
Н. Әбдірахмановтың айтуынша, 2019 жылға дейін қазақстандықтар шағын несиелеу қызметтерін белсенді пайдаланған. Осыған байланысты осы секторда белгілі бір проблемалар жинақталды.
– Адамдар көбінесе мұндай ұйымдардың жоғары пайыздық мөлшерлемелер орнатуынан, өсімпұлдар мен айыппұлдар салуынан зардап шекті. Сондай-ақ өткен жылы біз алаяқтықтың жекелеген фактілерін байқадық. Осыған байланысты 2019 жылы осы жылдың басынан бастап шағын несиелеу компанияларын реттеуді, сондай-ақ олардың биылғы 1 шілдеге дейін агенттікте міндетті есептік тіркеуден өтуін енгізген заң қабылданды, – деді ол.