$ 494.87  520.65  4.91

Қазақфильмдегі өрттің шығыны 48 млн теңгені құрайды

Бұл төтенше жағдай Алматы қаласы әкімінің, ҚР Ішкі істер министрі мен Мәдениет және спорт министрінің жіті бақылауында.
Фото: instagram.com/kazakhfilm_official
Фото: instagram.com/kazakhfilm_official

«Қазақфильм» киностудиясында өрттен келген шығын көлемі есептелді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Қазақфильм Алматы қалалық ІІД-нде «Қазақфильм» киностудиясындағы өрт шығу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлаймыз. Бұл төтенше жағдай Алматы қаласы әкімінің, ҚР Ішкі істер министрі мен Мәдениет және спорт министрінің жіті бақылауында. Сондай-ақ, киностудия әкімшілігі ішкі тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Белгілі болғандай ең алдымен өрт орман қоймасының ашық аумағында басталған. Шамамен 20 минуттан кейін «Қазақ хандығы» тарихи фильмі үшін жасалған «Шайбан шахтың ішкі ауласынан» өрт шыққан. Бұл ағаш құрылым алғашқы ошақтан 300 метр қашықтықта орналасқан. От шыққан қоймада жанғыш материалдардың болмауы мен оған электр тоғының тартылмауы өрттің өздігінен шығу фактісін жоққа шығарады», – делінген киностудияның Instagram парақшасында.

Қазіргі уақытта өрттің алдын ала шығыны 48 981 130 теңгені құрайды. Есептеулер жалғасуда.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары