18.08.2020, 13:00

Бейруттегі жарылыс болған жер туристік орынға айналды

фото: sputniknews.kz
Жолдар бүлініп, қаншама нысан үйіндіге айналған.

Бейрут кемежайындағы жарылыс орны туристер ағылатын тамаша орынға айналды, деп хабарлайды Newsroom.kz.

Жойқын апаттан соң жергілікті тұрғындар қираған ғимараттар алдында суретке түсіп, естелік қалдыруда.

Еске сала ктесек, 4 тамызда болған жойқын жарылыстан кейін қазір Ливан астанасы соғыстан кейінгі қаланы еске салады: Жолдар бүлініп, қаншама нысан үйіндіге айналған. Қоқысқа лық толып, тас-талқаны шыққан көшелер саны да жетерлік. Қазір шаһарда біртіндеп қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр.