Ресейлік блогер Сергей Пичугин TikTok желісіндегі парақшасында NILETTO мен Zivert есімді әншілер Қайрат Нұртастың әнін ұрлады деп күдіктенетінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Блогердің пікірінше, ресейлік әншілердің Fly 2 атты жаңа трегі Қайрат Нұртастың "Алматының түндері-ай" әнінің музыкасына қатты ұқсайды екен. Бұл әнді қазақстандық әнші Нюшамен бірге орындаған болатын.
Бірақ Қайрат Нұртас әзірше бұл мәселеге қатысты пікір білдірген жоқ.