$ 444.32  473.33  4.76

Абайды білмек керек ойлы жасқа

Доданың жеңімпаздары арнайы дипломдармен және сыйлықтармен марапатталды.
фото: el.kz
фото: el.kz

Абай мұрасын насихаттау, жастардың шығармашылығын дамыту мақсатында Қызылорда облысының Шиелі ауданында жыр байқауы өтті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

«Абайды білмек керек ойлы жасқа» тақырыбында өткен өлең оқу сайысына 14 пен 29 жас аралығындағы аймақ жастары қатысты. Абай жырларын оқу сайысын аудандағы «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі және «Ашық Азаматтық Қоғам» ақпараттық-ресурстық орталығы ұйымдастырды. 

Қазақтың бас ақыны, ұлы ойшыл, кемеңгер тұлға Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына орай өткен байқауға 13 үміткер қатысты.  Сайысқа қатысқан жастар хакім Абайдың өлеңдерін жатқа оқып, өнерлерін ортаға салды. Өлең оқу байқауы инстаграм, фейсбук әлеуметтік желілері арқылы жүзеге асырылды. 

Байқау қорытындысы бойынша І орын иегері ретінде  Жанерке Серік есімді өнерлі өрен лайық деп танылды. Ал, жүлделі ІІ орын дарынды жас Айнұр Амангелдіқызына берілді.  ІІІ орынды  ерекше талантымен тәнті еткен Жанерке Фазлова иеленді. Доданың жеңімпаздары арнайы дипломдармен және сыйлықтармен марапатталды. Сондай-ақ, барлық қатысушыға алғыс хаттар мен Абай суреті бейнеленген футболкалар табысталды. 
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Абай