$ 444.32  473.33  4.76

Тоқаев Түркістан облысына жұмыс сапарымен барды

Президент сапар барысында Мақтаарал ауданына барып, Сардоба су қоймасында болған апаттың салдарын жою жұмыстарымен, зардап шеккен азаматтар үшін салынған тұрғын үйлердің құрылысымен танысып, тұрғындармен кездеседі.​
Фото: facebook.com/Berik.Uali
Фото: facebook.com/Berik.Uali

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысына жұмыс сапарымен келді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Faceebok-тегі парақшасында жазды.

«Президент сапар барысында Мақтаарал ауданына барып, Сардоба су қоймасында болған апаттың салдарын жою жұмыстарымен, зардап шеккен азаматтар үшін салынған тұрғын үйлердің құрылысымен танысып, тұрғындармен кездеседі.​Бұдан кейін Арыс қаласына барады. Онда былтыр жарылыс болған әскери бөлімді қайта қалпына келтіру жұмысымен танысып, тұрғындар үшін жаңадан салынған және жөнделген үйлерді, қайта қалпына келтірілген темір жол вокзалын аралап көреді.​Қазақстан Президенті жұмыс сапарының соңында Түркістан қаласына барып, Қожа Ахмет Ясауи кесенесіндегі жөндеу жұмыстарын көреді, «Сапар орталығының» қызметімен танысып, жаңадан салынған «Жібек жолы» саябағын аралайды», - деп жазды ол.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары