«Қазгидромет» РМК Қазақстанның бірқатар облысында дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Синоптиктердің хабарлауынша, 22 тамызда Қарағанды облысында найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күші кей жерінде 15-20, екпіні 23 м/с күтіледі. Облыстың оңтүстік-батысында өте жоғары өрт қаупі сақталады. Қарағанды қаласында 22 тамызда күндіз найзағай, оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі. Жезқазған қаласында 22 тамызда найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.
22 тамызда Ақмола облысының кей жерінде найзағай, тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз күші кей жерде 15-20 м/с жетеді. Көкшетау қаласында 22 тамызда таңертең және күндіз найзағай күтіледі. Түнде және таңертең тұман күтіледі.
22 тамызда Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде жаңбыр күтіледі. Кей жерінде найзағай, тұман күтіледі. Петропавл қаласында 22 тамызда найзағай күтіледі.
22 тамызда таңертең және күндіз Қызылорда облысының солтүстік-батысында найзағай күтіледі. Оңтүстіктен соққан жел солтүстік-батысқа ауысады, күші күндіз кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі. Күндіз төтенше өрт қаупі сақталады.
22 тамызда Қостанай облысының кей жерінде найзағай, дауыл, тұман, бұршақ күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күші кей жерде 15-20 м/с жетеді.
Күндіз 22 тамызда Батыс Қазақстан облысының кей жерінде найзағай, бұршақ күтіледі. Солтүстіктен соғатын желдің жылдамдығы 15-20 м/с күтіледі.
Дауылды ескертудің ықтималдылығы – 70-100%.