Қостанай облысының Полиция департаменті 31 жастағы әйелге іздеу салды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Департамент мәліметінше, 1989 жылы туған Надежда Силагина 29 шілде күні Қостанайдағы үйінен шығып кеткен. Содан бері туған-туыстары одан хабар алмай отыр.
«Қостанай қаласы полиция басқармасының «Оңтүстік» бөлімі Силагина Надежда Федоровнаға іздеу салды. Қазіргі уақытта оның нақты мекенжайы белгісіз», - деді полициядан.
Тәртіп сақшылары жоғалып кеткен әйел туралы мәліметтерді жариялады. Бойы – 175 см, арық денелі, шашы қара түсті, иыққа дейін түскен, көздері ашық көк түсті, тік мұрын. Үйінен шыққанда үстінде қара-ақ түсті футболка, көк түсті джинсы, қара аяқ киім болған.
Қандай да бір ақпаратты мына телефондарға хабарлауға болады: 8-701-708-46-75, 8-747-655-21-63, 8-(7142)-52-68-61 немесе 102.