Қазгидромет 23 тамызға арналған ауа райы болжамын жариялайды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Қазақстан аумағының басым бөлігінде құбылмалы ауа райы сақталады. Атмосфералық ауа ағындарының өтуіне байланысты, жаңбырмен бірге найзағай күтіледі. Тек оңтүстікте және батыста ауа райы көбінесе жауын-шашынсыз болады. Республиканың көп жерінде жел күшейеді, дауыл күтіледі, солтүстік-батыста, солтүстікте тұман түсіп, бұршақ жаууы ықтимал.
Солтүстік Қазақстан облысының кей жерінде найзағай, дауыл күтіледі, бұршақ жаууы ықтимал. Түнде және таңертең тұман күтіледі, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.
Ақмола, түнде Қарағанды облыстарының кей жерінде найзағай, түнде және таңертең тұман күтіледі. Қарағанды, күндіз Ақмола облыстарының кей жерінде жел 15-20 м/с.
Қостанай облысында таңертең және күндіз найзағай, дауыл күтіледі, бұршақ жаууы мүмкін. Күндіз кей жерінде жел 15-20 м/с күшейеді.
Манғыстау облысының кей жерінде найзағай, дауыл күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді, күндіз шаңды дауыл күтіледі.
Шығыс Қазақстан, Павлодар, Қызылорда облыстарының кей жерінде найзағай күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді. Шығыс Қазақстан облысында дауыл, Қызылорда облысында шаңды дауыл күтіледі.
Күндіз Түркістан, Атырау облыстарының кей жерінде жел 15-20 м/с күшейеді, Атырау облысында найзағай күтіледі.
Ақтөбе облысының оңтүстігінде найзағай жарқылдайды.
Қызылорда облысында, Түркістан облысының басым бөлігінде, Жамбыл, Алматы, Атырау облыстарының кей жерінде, Батыс Қазақстанның оңтүстігінде, Қарағанды облысының оңтүстік-батысында төтенше өрт қаупі сақталады.