$ 444.32  473.33  4.76

Жыл басынан бері 550 бала педофил құрбаны болған

Педофилдерге қатысты заң күшейгенімен, олардың саны азаймай тұр. Жаға ұстатарлық жарты мыңға жуық факті, алғашқы алты айда ғана тіркелген. Балаға айуандық жасағанның басым бөлігі жақын туысы.
фото: liter.kz
фото: liter.kz

Елімізде жыл басынан бері, кәмелеттік жасқа толмаған 550 бала педофил құрбаны болыпты. Олардың дені 14 жасқа толмаған қыз балалар, деп хабарлайды Астана арнасы. 

 Ішкі істер министрлігі деректеріне қарағанда, балаға зорлық жасағандардың басым көпшілігі жақын туысы. Араларында туған баласына қорлық көрсеткен әкелер де бар. 

Егер мен келіспейтін болсам өгей әкем анамды өлтіретінін айтты. Кейін ол бізден кетті, барлығы бітті деп ойладым. Бірақ туысқан ағам, "Өгей әкең екеуіңнің қарым-қатынасыңды анаңа айтамын", деп қорқытты. 

Педофилдерге қатысты заң күшейгенімен, олардың саны азаймай тұр. Жаға ұстатарлық жарты мыңға жуық факті, алғашқы алты айда ғана тіркелген. Балаға айуандық жасағанның басым бөлігі жақын туысы. 

Ішкі істер министрлігі мәліметіне қарағанда жапа шеккен баланың 26 пайызы жақындарының құрбаны. 17- пайызы өгей әкесінен зорлық көрсе, 7 пайызын туған әкесі қорлаған. 2 пайыз қауіп балаға көршіден келген. Бұл ресми тіркеуге алынған сандар. Жүздеген факті белгісіз күйде қалуы мүмкін.

"Мұндай қылмыстардың ашылмай жатуына өзіндік себебі бар. Балалар көбіне айтпайды, ішінде сақтайды. Сондықтан тергеуші баланың сеніміне кіру үшін бөлмені балаларға арнап дайындаймыз. Ойыншықтар қоямыз. Тергеу міндетті түрде психологтың қатысуымен өтеді. Бала алдымен жақынына айтуы мүмкін. Бірақ олар полицияға айтпай, іштей тынатын жағдайлар да кездеседі", - деді ҚР ІІМ ӘПК ювеналды полиция басқармасының бастығы Әсет Оспанов. 


Бұл жантүршігерлік қылмыс абырой әкелмесі анық. Халықаралық рейтингте Қазақстан 120 мемлекеттің ішінде 46-шы орында тұр екен. Ал, ТМД елдерінде бұл антирейтингте бірінші орында. Жағдайымызды жақсарту үшін жалғыз Заң аздық етеді. Қоғамның да қолдау танытуы қажет. Педофилдердің әлеуметтік портретін ішкі істер органдары былайша сипаттайды.

 18 бен 29 жас аралығындағы азамат. Арнайы орта білімі бар. Өзін-өзі жұмыспен қамтыған және сотталмаған. 

Бала құқығы қоғамда және әлеуметтік желіде жиі көтерілетін мәселенің бірі. Алайда, іс жүзіне келгенде атқарылған жұмыстар мардымсыз. Мұны министр Ерлан Тұрғымбаев та растады. Бас полицей енді бұл күйіп тұрған тақырыппен бірлесе айналысуды ұсынып отыр. 

"Қоғамдық қозғалыстар мен Үкіметтік емес ұйымдар ат салысса екен", дейді министр. Айта кету керек, елімізде педофилдерді химиялық кастрациядан өткізу жазасы қарастырылған. Биыл қаңтар-сәуір аралығында 5 педофил осындай химиялық отадан өтіпті. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары