$ 498.34  519.72  4.85

Спорт шеберлері мен халықаралық жеңімпаздар «грантсыз қалды»

Министрлік тарапынан еш көмек болмаса, бір семестрге қаражатын төлейсіңдер.
фото: видеодан скриншот
фото: видеодан скриншот

Сұраныс көп, грант аз. Алматыдағы Спорт және туризм академиясының басшылығы жас спортшылардың оқуға түсе алмай қалуына білім және ғылым министрлігін кінәлап отыр, деп хабарлайды КТК арнасы. 

Өйткені биыл аталмыш салаға оқу гранты тым аз бөлініпті. Еліміздегі спортшыларды оқытатын 42 оқу орнына бар-жоғы 350 грант берілген. Ал Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, биыл жаттықтырушылар мен дене шынықтыру пәні мұғалімдеріне деген сұраныс мың адамды құрайды екен. «Білім министрлігі бұл әлеуметтік зерттеуге зер салмаған», - дейді Қайрат Закирьянов. Соның салдарынан бір ғана Спорт және туризм академиясына құжат тапсырған 800-ге тарта түлектің тек 180-і грантқа түскен. Тегін білімнен қағылғандардың қатарында спорт шеберлері мен халықаралық жарыс жеңімпаздары да бар. Академия басшылығы жас таланттарға қолдан келгенше көмек береміз дейді. 

 "Министрлік тарапынан еш көмек болмаса, бір семестрге қаражатын төлейсіңдер. Сосын кафедралар «мына баланың дәрежесі зор, ертең спорт шебері болады, чемпион болады» деп, бізге ұсыныс айтады. Біз жеңілдік жасаймыз. Біріншіден, 180 студенттің ертең 20 шақтысы жаман оқып, кетеді. Оның орнына шеберлерді кіргіземіз", - деді Қазақ спорт және туризм академиясының президенті Қайрат Закирьянов. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары