$ 480.55  533.75  5.36

Елімізде 31 тамыздан бастап қандай нысандар жұмысын қайта бастайды?

Қала маңындағы жолаушылар пойыздарының/электр пойыздарының, қалааралық, облысішілік автобустардың/шағын автобустардың қозғалысына рұқсат беріледі.
Фото: pixabay.com
Фото: pixabay.com

Бүгін Ведомствоаралық комиссия отырысында нысандардың қызметін жеңілдетудің екінші кезеңі мақұлданды, деп хабарлайды zakon.kz.

Қол жеткізілген оң әсерді ескере отырып, ведомствоаралық комиссия биыл 31 тамыздан бастап келесі нысандардың қызметін қайта бастау туралы шешім қабылдады:

- діни объектілер (жеке, ұжымдық іс-шаралар өткізілмейді);

- бассейндер (жеке форматта, 1 келушіге 5 ш. м. су айнасы есебінен, алдын ала жазылу арқылы);

- жаттығу залдары (1 келушіге 5 ш. м. дейін, алдын ала жазылу арқылы);

- спорт кешендері (1 келушіге 5 ш. м. дейін жеке және топтық жаттығулар үшін);

- мәдениет нысандары (1 келушіге 5 шаршы метрге дейін, толымдылығы 50%-дан аспайды, оның ішінде кемінде 2 метр әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, 30 адамға дейін ұжымдық дайындықтар, үзілістерде бөлмелерді желдету, бетперде тағу);

- ерекше қорғалатын табиғи аумақтар: мемлекеттік ұлттық табиғи парктер, қорықтар, резерваттар және т. б. (жеке және ұйымдасқан топтар үшін 15 адамнан аспайтын, әлеуметтік арақашықтықты сақтай отырып, кемінде 2 метр, бетперде тағу);

- қала маңындағы жолаушылар пойыздарының/электр пойыздарының, қалааралық, облысішілік автобустардың/шағын автобустардың қозғалысына рұқсат беріледі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары