$ 444.22  476.38  4.82

Қазақстанда «Ел мен Жер» қоғамдық қозғалысы құрылды

Қозғалыс төрағасы болып Балташ Тұрсымбаев сайланды.
фото: әлеуметтік желіден алынды
фото: әлеуметтік желіден алынды

Бұл туралы қоғам белсендісі әрі осы қозғалыстың мүшесі Нұрлыбек Қуаңбаев өзінің facebook парақшасында хабарлады.

«Алматыда «ЕЛ мен ЖЕР»қоғамдық қозғалысы құрылды. Қозғалыс төрағасы болып Балташ Тұрсымбаев ағамыз сайланды. Жиналысқа қоғам белсенділері: Еркін Рақышев, Рысбек Сәрсенбаев, Геройхан Қыстаубаев, Рүстем Әшетаев , Рамазан Құрманбаев , Нұржан Ошанбеков, Құдайшүкір Абдуллаев және т.б қатысты. Қозғалыстың негізгі мақсаты - жерімізді ешкімге сатпау, шет ел азаматтарына жалға да бермеу деген халық талабын билікке орындату», - деп жазған өзінің facebook парақшасында. 

Қамшы порталының жазуынша, қоғам белсенділері бұл шараны Қазақ елінің ұлттық шекарасы анықталып, белгіленгеніне 100 жыл толуына орай өткізген. Жиынға қатысушылардың мәлімдемесінде, қоғамдық қозғалыстың басты мақсаты «қазақ жерін қорғау» екенін баса айтты.

Қозғалыс 2016 жылы жер туралы заңға жарияланған моратория мерзімінің толуына, жаңа заң жобасын ұсынуға ат салысу және «Алатау» ұлттық паркінің сатылуына қарсы шараларды алып баратыны белгілі болды. Шара соңында қозғалыс жетекшісі ұйымның жарғысын дайындауға тапсырмалар берді. Қоғам белсенділері бірауыздан «Жерді қорғау» үшін ат салысатындарын жеткізді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#қозғалыс