28.08.2020, 11:40

Алдағы демалыс күндерге арналған ауа райы болжамы

Фото: pixabay.com
Еліміздің батысы мен оңтүстік-шығысында атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты тұрақсыз ауа райы күтіледі.

Синоптиктер алдағы күндері ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Өтіп бара жатқан жаздың мереке күндері Қазақстанда жылы ауа райы жағдайлары күтілуде. Республиканың басым бөлігінде жақсы ауа райын күн шуақты антициклон қамтамасыз етеді. Еліміздің батысы мен оңтүстік-шығысында атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты тұрақсыз ауа райы күтіледі. Кей жерлерде мұнда найзағаймен, екпінді желмен жаңбыр жауады, бұршақ түсуі ықтимал. Бірақ, жауын-шашынға қарамастан, бұл аймақтардағы температура 25 ... 33 жылы шамасында болады", - деді синоптиктер.