30.08.2020, 04:20

Парамен ұсталған «Қара бүркіт» колониясының бастығы қаша жөнелді (ВИДЕО)

фото: voxpopuli.kz
Ол «қамқорлық жасаймын» деген желеумен сотталушыдан келісілген 1 миллион теңге параның 700 мыңын алып тұрған кезінде қолға түскен болатын.

Пара алды деген күдікке ілінген УK-161/3 қылмыстық-атқару жүйесі жедел қауіпсіздік мекемесінің бастығы Арман Әбіловтің қашып бара жатқан видеосы қазір әлеуметтік желілерде кеңінен тарап жатыр, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Еске сала кетсек, ол «қамқорлық жасаймын» деген желеумен сотталушыдан келісілген 1 миллион теңге параның 700 мыңын алып тұрған кезінде қолға түскен болатын. Аталған видео дәл сол сәтте түсірілген.

Еске сала кетсек, халық арасында «Қара бүркіт» аталып кеткен ол түрмеде өмір бойына бас бостандығынан айрылғандар жазасын өтейді. Аса қауіпті қылмыскерлер арасында Арқанкергенде 15 кісіні атып тастаған Владислав Челах, 10 адамды опат қылған Руслан Күлекбаев та бар.