Жаңалықтар 30.08.2020 сағат 14:15

Қазақстанда бакалавр студенттері қалай оқиды? - министрлік жауабы

Шалғай және интернеті жоқ өңірлерден келген және оқу құралы (ноутбук және т.б.) жоқ білім алушылар корпусқа бармай-ақ онлайн оқытуды қамтамасыз ететін компьютерлік техникасы бар жатақханаларда тұруға болады.
Қазақстанда бакалавр студенттері қалай оқиды? - министрлік жауабы
Фото: tengrinews.kz
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

ҚР Білім және ғылым министрлігі жаңа оқу жылында бакалавр студенттерінің қалай оқитынын түсіндірді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы ведомствоның Telegram-каналына сілтеме жасап.

БАКАЛАВРИАТ. 1 КУРС

Күзгі семестр қашықтан ұйымдастырылады және 1 қыркүйектен басталады. Бұл күні барлық шаралар онлайн режимде өтеді. 1 курс студенттеріне ЖОО саясатымен және қашықтан оқыту форматымен танысу үшін 24 тамыздан бастап онлайн режимде апталық өтеді. Шалғай және интернеті жоқ өңірлерден келген және оқу құралы (ноутбук және т.б.) жоқ білім алушылар корпусқа бармай-ақ онлайн оқытуды қамтамасыз ететін компьютерлік техникасы бар жатақханаларда тұруға болады.

БАКАЛАВРИАТ. 2-4 КУРС

2-4 курс студенттеріне оқу 1 қыркүйекте басталады. 20 тамыздан бастап ЖОО-лар өз студенттерімен онлайн кездесулер өткізеді. Педагогикалық, гуманитарлық, әлеуметтік және IT-бағыттар бойынша оқуды толық қашықтықтан оқыту форматына көшіру ұсынылады. Ал жаратылыстану ғылымдары, техникалық, ауыл шаруашылығы, денсаулық сақтау және өнер бағыттары бойынша аралас оқыту форматы көзделген. Дәрістер мен семинарлар онлайн форматта, зертханалық, практикалық және студиялық сабақтар – кампус аумағында өтеді, бірақ қазан айынан кейін басталады.

Офлайн режимде өтетін пәндер туралы ақпарат алу үшін студенттер жоғары оқу орындарына жүгінуі керек. Шалғай және интернеті жоқ өңірлерден келген және оқу құралы (ноутбук және т.б.) жоқ студенттер корпусқа бармай-ақ онлайн оқытуды қамтамасыз ететін компьютерлік техникасы бар жатақханаларда тұра алады.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар