31.08.2020, 03:05

Қазақстандық нокаутшы кезекті қарсыласын 1-раундта жеңді (ВИДЕО)

Мұның алдындағы 5 жекпе-жекті де Мұсаділов 2017 жылы Мексикада бір айдың ішінде – қарашада өткізген.

Қазақстандық боксшы Серік Мұсаділов кәсіпқой рингтегі 6-шы жекпе-жегінде жеңіске жетті, деп хабарлайды Vesti.kz.

Ол барлық кездесуін нокаутпен аяқтаған. Алайда, оның карьерасы шытырман болып кетті. Мұның алдындағы 5 жекпе-жекті де Мұсаділов 2017 жылы Мексикада бір айдың ішінде – қарашада өткізген екен. Кейін боксшы 3 жыл рингке шықпады.

Осы жолы қазақ боксшы АҚШ-тың Венис қаласында жұдырықтасты. Бірінші ауыр салмақта өткен жекпе-жекте Серік жергілікті Квинтелл Томпсонмен шығып, оны бірінші раундта-ақ нокаутқа түсірді.

Тегтер: нокаут боксшы