$ 498.34  519.72  4.85

Тараздағы мейрамхана маңынан мәйіт табылды

Аталған факт бойынша тергеу-жедел тобы жіберілді.

Таразда мейрамхана маңынан ер адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды Polisia.kz.

«30 тамызда сағат 05:15-те Ақбұлақ шағын ауданының тұрғындарының бірі мейрамханаға жақын маңнан 27 жастағы ер адамның мәйітін тауып, бұл туралы полицияға хабарлаған. Аталған факт бойынша тергеу-жедел тобы жіберілді. Ауыр қылмыстың себебін тергеушілер анықтап жатыр. Қазіргі таңда ҚР ҚК 99-бабы 1-бөлігі «Адам өлтіру» бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды», - деп жазылған хабарламада.

Полиция қызметкерлері осы қылмысты жасаған 33 жастағы Тараз қаласының тұрғынын анықтады. Қазіргі уақытта күдіктіні ұстау шаралары қарастырылып жатыр. Қажетті сот сараптамасы тағайындалды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары