01.09.2020, 10:00

«Пышақ ізі бар»: ШҚО-да өлі күйінде табылған баланың өліміне қатысты тың деректер шықты

Фото: ктк
Бала аулада ойнап жүрген жерінен жоғалып кеткен. Іздестіру жұмыстары кезінде оны әлдекімнің ертіп кеткені белгілі болды.

ШҚО-да із-түзсіз жоғалып кеткен баланың денесі табылды. Жеті жасар баланың денесінде зорлық-зомбылық белгілері бар, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Қайғылы жағдай Зубовск ауылында болған. Бала аулада ойнап жүрген жерінен жоғалып кеткен. Іздестіру жұмыстары кезінде оны әлдекімнің ертіп кеткені белгілі болды. Полиция мен еріктілер, баланың туыстары қанша шарқ ұрып іздесе де, табыла қоймаған. Араға күн салып оның мүрдесі ауыл маңындағы тоғайдан табылып отыр. Денесінде бірнеше пышақ ізі бар. Қазір аталмыш оқиғаға қатысты ауыр қылмыс жасады деген күдікпен 20 жастағы жергілікті тұрғын ұсталды.

Аталған дерек бойынша «адам өлтіру» бабымен сотқа дейінгі тергеу басталды. Тергеу іс-шарасында күдіктіден қылмысты мойындату жауабы алынды. Күдікті аудандық ПБ уақытша ұстау изоляторына қамалды", - ШҚО ПД бастығы Сағат Мәдиев.