$ 498.34  519.72  4.85

Мемлекет басшысы шенеуніктерді 25 пайызға қысқартуды тапсырды

Пандемия мен мемлекеттік органдағы көптеген қызметкерді қашықтан жұмыс істеу режиміне ауыстыру мемаппаратты қысқарту керек екенін көрсетті.
фото: sputniknews.kz
фото: sputniknews.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев шенеуніктерді біртіндеп қысқартуды тапсырды. Бұл жайлы ол бүгін қазақстандықтарға арнаған Жолдауында айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Мемлекет басшысының сөзінше, мемлекеттік қызмет жүйесін қайта қарастыру керек.

"Үлкен көрсеткіштері мен индикаторлары бар мемлекеттік бағдарламаларды дайындауды тоқтату керек.Мемлекеттік қызметтің жүйесін қайта қарау керек. Пандемия мен мемлекеттік органдағы көптеген қызметкерді қашықтан жұмыс істеу режиміне ауыстыру мемаппаратты қысқарту керек екенін көрсетті. Мемлекеттік аппарат пен квазимемлекеттік секторын қысқарту мерзімін жылдамдатуды тапсырамын. Биыл олардың санын 10 пайызға қысқарту қажет. Келесі жылы тағы 15 пайызға қысқарту керек. Осылайша, шенеуніктерді 25 пайызға қысқарту тапсырмасын 2021 жылы шешіп боламыз. Нәтиже мен цифрландыруға байланысты тағы да қысқарту мәселесін қараймыз. Үнемделген қаражат арқылы қалған қызметкерлердің жалақысы арттырылады", - деді Тоқаев. 

Оған қоса, президент пандемияны жеңуге кемінде екі жылдай уақыт керектігін ескертті. 

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары