01.09.2020, 12:00

«Босаңсуға әлі ерте, пандемия кем дегенде екі жылға созылады» - Тоқаев

Фото: rus.azattyq-ruhy.kz
Ащы да болса шындықты айттық.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пандемия кемінде екі жыл созылатынын айтып, оған дайын болуға шақырды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

"Біз азаматтарымыздан ештеңені жасырған жоқпыз, індеттен қайтыс болғандардың көрсеткіштері туралы ақпаратты ашық жарияладық, ащы да болса шындықты айттық. Босаңсуға әлі ерте. Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымы болжамдары бойынша, пандемияны жеңу үшін екі жыл қажет", - деді Президент.