$ 444.32  473.33  4.76

«Осындай жәрдемақы басқа мемлекеттерде берілген жоқ»: Тоқаев 42500 теңге жайлы айтты

Уақытша табыссыз қалған 4,5 миллион азаматымыз 42 500 теңге көмек алды.
фото: stan.kz
фото: stan.kz

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қазіргі басты міндет халықтың табысын сақтап қалу екендігін жеткізді. Бқл туралы Skifnews.kz ақпарат порталы хабарлайды.

Қазіргі күрделі жағдайда алдымызда тұрған басты міндет – әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты, жұмыс орындарын және халықтың табысын сақтап қалу.

Дағдарысқа қарсы жедел шаралардың екі топтамасы қабылданды.

Уақытша табыссыз қалған 4,5 миллионнан астам азаматымыз 42 мың 500 теңге мөлшерінде көмек алды. Бұған 450 миллиард теңгеден астам қаражат жұмсалды. Осындай жәрдем көршілес елдерде, тіпті, басқа ірі мемлекеттерде берілген жоқ.

Миллионнан астам адамға азық-түлік және тұрмыстық заттар қоржыны берілді", - деді Тоқаев.

Сондай-ақ президенттің сөзінше, Елбасы – «Nur Otan» партиясы төрағасының бастамасымен 550 мыңнан аса отбасы «Біргеміз» қорының қолдауымен бір жолғы қаржылай көмекке ие болған.


 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары