$ 448.15  483.46  4.86

Қанат Ислам қазан айында АҚШ-та жекпе-жек өткізеді

Ол 16 қазан күні Плант-Сити (Флорида штаты, АҚШ) қаласында рингке шығады. Қарсыласы әлі белгісіз.
фото: 24.kz
фото: 24.kz

Орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Қанат Исламның (27-0, 21 КО) шаршы алаңға қашан оралатыны белгілі болды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы kaz.vesti.kz сайтына сілтеме жасап. 

BoxRec.com сайтының ақпараты бойынша, Ислам келесі кездесуін 16 қазан күні Плант-Сити (Флорида штаты, АҚШ) қаласында өткізеді. Қарсыласы әлі белгісіз. 

Еске салайық, қазақстандық боксшы өзінің соңғы кездесуін 2019 жылы Алматы қаласында өткізген болатын. Ол кезде Ислам намибиялық Уолтер Каутондокваны төрешілердің шешімі бойынша жеңіп, WBO International белбеуін қорғап қалған еді. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары