$ 494.87  520.65  4.91

Оралмандар қаңтардан бастап «қандас» аталатын болды

2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап құжаттарда «Қандас» термині  жазылатын болады.
Фото: ktk.kz
Фото: ktk.kz

Қазақстанда «оралман» термині «қандас» сөзіне ауыстырылды. ҚР Ішкі істер министрі оны заң жүзінде қолдануға байланысты бұйрыққа қол қойды. Енді 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап құжаттарда «Қандас» термині  жазылатын болады, деп хабарлады arasha.kz сайты. 

Оралмандарды қандас деп атау туралы ұсынысты Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің twitter желісіндегі парақшасында айтқан болатын. Мемлекет басшысы «тарихи отанына оралған қазақтарға қатысты Оралман терминінен бас тартып, Қандас терминін қолдану керек» деп жазған еді.

Осыдан кейін  Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көші-қон процестерін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасына осы норманы енгізді.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары