$ 494.87  520.65  4.91

Түрмеде жатқандарға туыстарымен кездесуге рұқсат берілуі мүмкін

Ұзақ мерзімді кездесуден шыққан сотталғандар 14 күн карантинге орналастырылып, өзге адамдардан оқшауланады.
Фото: tengrinews.kz
Фото: tengrinews.kz

ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінде колониядағы сотталғандарға туыстарымен кездесуге рұқсат беру жоспарланып отыр, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

ҚАЖ комитетінің баспасөз қызметінің мәліметінше, Қылмыстық-атқару кодексіне сәйкес ұзақ мерзімді кездесулер 2 тәуліктен аспайды және алдын ала жазылу арқылы ұйымдастырылады. Ұзақ мерзімді кездесуден шыққан сотталғандар 14 күн карантинге орналастырылып, өзге адамдардан оқшауланады.

"Бұл мекемелерде кездесудің қайта берілу дайындығына баға беретін аумақтық санитариялық-эпидемиологиялық қызметтермен бірлесіп атқарылып жатыр. Коронавирус инфекциясын жұқтыру қаупінің әлі де барын ескере отырып, ұзақ мерзімді кездесулер бір ғана ересек адамға, ПТР-тестілеудің теріс қорытындысы болған жағдайда беріледі және анализ нәтижесінің берілген мерзімнен бастап 5 күннен аспауы тиіс. Бұл ретте қысқа мерзімді кездесулер барлық санитариялық-эпидемиологиялық шараны сақтай отырып, әдеттегідей тәртіпте беріледі", - дейді ҚР ІІМ ҚАЖ комитеті төрағасының міндетін атқарушы Есқали Саламатов.

Бұл шаралар сотталғандардың ауруды жұқтырмауы үшін және колонияларда тұрақты эпидемиологиялық жағдайды сақтау мақсатында қабылданып жатыр.

Еске салайық, кездесулер тоқтатылған уақытта телефон және бейнебайланыс арқылы сөйлесулерге жағдайлар жасалған. Осы уақыт аралығында сотталғандарға 18 мың бейнебайланыс, 350 мыңға жуық телефонмен және ұзақтығы 15 минут бейне арқылы сөйлесуге берілсе, 5 мыңдай адам ұзақтығы 2 сағаттан бейнекездесулерге мүмкіндік алған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары