$ 498.34  519.72  4.85

Бүгін кей өңірлерде ауа райы бұзылады

Жамбыл, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде дауыл тұрып, жел күшейіп, жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.
Фото: pixabay.com
Фото: pixabay.com

4 қыркүйек күні республиканың солтүстігінде, солтүстік-шығысында, шығысында, оңтүстік-шығысында ауа райы құбылмалы болады. Республиканың кей жерлерінде жел күшейіп, дауыл тұрады, оңтүстікте шаңды дауыл, солтүстікте және орталықта тұман түседі. Кей жерлерінде бұршақ жаууы ықтимал, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Қазгидрометке сілтеме жасап.

Жамбыл, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде дауыл тұрып, жел күшейіп, жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде желдің жылдамдығы секундына 25 метрге дейін жетуі мүмкін. Бұршақ жаууы ықтимал.

Ақмола, Түркістан, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Павлодар, Қостанай облыстарында, күндіз Алматы облысында, таңертең және күндіз Қызылорда облысының бірқатар өңірінде жел секундына 15-20 метр жылдамдықпен соғады.

Павлодар облысында екпіні 25 м/с болады, Ақмола, түнде Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман түседі.

Түркістан облысының кей жерлеріндеде шаңды дауыл тұрады.

Қызылорда облысының кей жерлерінде, Атырау, Алматы облысының батысында, Түркістан облысының шығысында, Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, Қарағанды облысының оңтүстік батысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары