06.09.2020, 11:03

Оралда 9 жасар бала жоғалды

фото: inform.kz
Бүлдіршін 5 қыркүйек күні сағат 17.40-та үйінен шығып кеткеннен қайтып оралмаған.

Оралда жоғалып кеткен тоғыз жасар бала іздестірілуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат сайты.

Тұрғындардың сөзіне қарағанда, бала Ескі әуежай ауданы Самал көшесі 94-үйден 5 қыркүйек күні сағат 17.40-та шығып кеткеннен оралмаған. Ол - ерекше бала, Даун синдромына шалдыққан.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі баланың әлі табылмағанын, жеке құрамның іздестіріп жатқанын жеткізді.