Қазгидрометтің хабарлауынша, бүгін, яғни 7 қыркүйекте елдің басым бөлігінде солтүстік және оңтүстік циклон әсерінен жаңбыр жауып, күн күркірейді. Оңтүстік және батыс аймақтарда жауын-шашын болмайды.
Солтүстік Қазақстан облысында желдің жылдамдығы – 15-20 м/с. Қостанай облысында да қатты жел болады, тұман түседі. Елордада таңертең және күндіз 15-20 м/с жел болады. Ақмола облысында түнде және таңертең тұман түседі. Желдің жылдамдығы – 18 м/с. Түркістан облысында солтүстік-шығыстан жылдамдығы секундына 15-20 метр жел соғады. Павлодар облысында оңтүстік-батыс және батыстан 15-20 м/с жел соғады. Атырау облысында қатты жел мен шаңды дауыл болады. Күндіз өрт қаупі жоғары.
Елордада түнде: +6+8°C, күндіз: +13+15°C. Желдің жылдамдығы - 9-15 м/с. Алматыда жаңбыр жауады. Түнде:+11+13°C, күндіз +20+22°C. Шымкентте жауын-шашынсыз. Түнде: +11+13°C, күндіз: +25+27°C.