Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Тәрбие департаменті, Дайындық факультеті және «Хәкім Абай» ҒЗИ бірлесе ұйымдастыруымен Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған «10 ТАМЫЗ - АБАЙ КҮНІ» мерекелік шарасы өтті. Шара аясында Шетелдік азаматтарға арналған және ЖОО дейінгі дайындық факультеті жанынан «Абай әлемі» кабинеті ашылды, - дeп хабарлайды Sn.kz.
Шараны бірінші проректор Мақтағали Бектемесов ашып, алдағы уақытта кабинет шетел азаматтарына Абай шығармашылығын насихаттауға, ақынның мұраларын әлемдік дәрежеге көтеру септігін тигізетіндігін тілге тиек етті.
Одан әрі шара университетіміздің бас оқу ғимараты алдындағы Абай ескерткішіне гүл шоғын қою рәсіміне ұласты. Шара қонақтары Қазақұлттық аграрлық университетінің ректоры Тілектес Есполов, абайтанушы, академик Мекемтас Мырзахметұлы және университетіміздің ректоры Такир Балықбаев бастаған бір топ ғалымдар Абай рухына тағзым жасап, құрмет көрсетті.
Мерекелік шара «Хәкім Абай даналығы - қазақ халқының өмірлік философиясы» онлайн-дөңгелек үстелімен жалғасты.
Дөңгелек үстел жұмысын университетіміздің ректоры, профессор Такир Балықбаев ашып, барша жиынға қатысушыларды «Абай күні» меркесімен құттықтады. Ректор өзсөзінде, Абайдыңәдеби, философиялық ой-тұжырымдарына тоқталып, «Толықадам» тұжырымдамасындағы үш негізг іұғым «нұрлы ақыл», «жылы жүрек», «ыстық қайрат» ұлттық тәрбиенің негізгі қағидаларына айналатындығын атап өтті.
Белгілі ғалым, абайтанушы Мекемтас Мырзахметұлы «Толық адам білімінің шығу тарихы» туралы баяндамасын ұсынып, мазмұнды ойларымен бөлісті.
Тәрбие жұмысы және әлеуметтік даму жөніндегі проректор Жанатбек Ішпекбаев, Филология және көптілді білім беру институтының директоры, профессор Балтабай Әбдіғазиұлы және «Хәкім Абай» ҒЗИ директоры Жабал Шойынбет ұлы ойшылдың мұраларын зерделеу бойынша ойларын ортаға салды.
Филология және көптілді білім беру институтының 2 курс студенті Төлеген Мадина, Жаратылыстану және география институтының 2 курс студенті, «Бірлік» Студенттік ассамблеясының мүшесі Адилова Хадича, Филология және көптілді білім беру институтының 2 курс студенті, «Бірлік» Студенттік ассамблеясының мүшесі Боловнева Анжелика, Математика, физика және информатика институтының 2 курс студенті, «Russian club» Жазғы мектеп мүшесі Хайтмырадова Хурсант Абайдың өлеңдері мен қара сөздерін оқыды.
Шара соңында Шетел азаматтарына арналған филологиялық мамандықтар кафедрасының шетелдік студенттерінің бейне құттықтаулары мен Өнер, мәдениет және спорт институты студенттерінің «Абай әндерінен попурри» музыкалық сәлемдемесі жолданды.