Алматыдағы Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінде Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай «Абай апталығы» өтуде. Осы айтулы мерекеге орай университет жанындағы кітапхана ұжымы еліміздегі пандемия жағдайын ескере отырып, «Абай – әлемдік тұлға» атты тақырыбында 4 бөлімнен тұратын онлайн кітап көрмесін ұйымдастырды, - дeп хабарлайды Sn.kz.
Аталған шара мен университет кітапхана қорындағы Абай шығармалары туралы кітапхана меңгерушісі Қалбибі Бейіспектің пікірін білген едік.
«Биылғы жылдың 10 тамызкүні ҚР Үкіметінің қаулысымен Абай күні болып жарияланды. Оқу жылының басынан бастап біздің Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінде Ұлы Абайдың туғанына 175 жыл толуына орай біршама шаралар аталып өтілді. Қазіргі таңда елімізде пандемеяға жағдайын ескеріп, университет жанындағы кітапхана ұжымы онлайн форматта «Абай – әлемдік тұлға» атты кітап көрмесін жасады.
Жалпы көрме 4 бөлімнентұрды. Атапайтсақ, біріншібөлім – «Абайды зерттеу», екінші бөлім – «Абай шығармалары», үшінші бөлім – «Абай жолы» романдары, ал төртінші бөлім «Бұқаралық ақпарат құралдарындағы ұлы Абайдың 175 жылдық мерейтойына арнап жазылған мақалалар» деп аталды.
«Жүрегімнің түріне терең бойла, Мен бір жұмбақ адаммын, оны да ойла», – деп Абай хакім айтқандай ғалымдар 100 жылдай шығармаларын зерттеп келе жатса да Абайды толық аша алмағандарын сөзге тарту етеді. Ұлы жазушы М.О.Әуезовтың «Абай жолы» романын оқып отырып, қазақ халқының мәдениеті, этнографиясы, әдет- ғұрып, салт-дәстүрі, толық болмысын танисың.
Ал кітапхана қорымыздағы Абай шығарамалары мен зерттеулеріне тоқталсақ, М.О.Әуезов атындағы әдебиет және өнер институының сыйға тартқан 50 томдық шығармалары бар. Одан басқа да «Ismail Zeynes doc.dr. – Ali Abbas Cinar, Н.Анастасье, М.Ахинжанова, М.Ахметов, З.Әлібеков, Т.Байғалиев Б.Бақтыгереев, Ғарифолла Есімов, Мекемтас Мырзахметов, У.Қ.Қалижанов т.б. зерттеулерін кітапханамыздан кездестіре аласыз.
Сонымен қатар біздің университет ұстаздары да ұлы Абайды зерттеу мен шығармаларын аударудан қалыс қалған жоқ. Философия ғылымының кандидаты, оқу-әдістемелік басқармасының басшысы, Жалғас Садуақасұлы Сандыбаевтың «Әбу Хамид әл-Ғазалидің «Ахлақ» ілімі» кітабының жетінші бөлімі «Әбу Хамид Әл Ғазалидегі адамгершілік ілімінің Абаймен рухани сабақтастығы» атты тақырыпты құраса, ұстаз PhD доктор Құрманғазы Садыбаев Мысырдағы өткен вебинарда өзінің Абайдың өлеңдері мен поэмалар жинағын араб тілінде аударып, ұсынды. Кітап биылғы жылы Біріккен Араб елдері лигасы мен Қазақстандағы Ұлттық аударма бюросы қоғамдық қорының жетекшілігімен басылып, оқырманға ұсынылады.
Одан өзге кітапханамызда Марғұлан Сейсенбаевтың басқаруымен «Абай» қоры арқылы ақынның өлеңдері мен қара сөздері қазақ-орыс-ағылшын яғни 3 тілде басылып шыққан кітаптары да бар. Және 720 беттен тұратын үлкен ізденістерді қамтыған көмекші құрал «Абай» энциклопедиясында бізден таба аласыз.
Жалпы ойшыл А.Құнанбайұлы еңбектері 50-ден аса елдің тілдеріне аударылып оқырмандарының қолданысына ие. Абайды – ұстаз, ойшыл, философ, сазгер, реформатор, аудармашы, қазақ әдебиетінің алғашқы қалаушыларының бірі т.б. сан қырынан қарап, зерттеуге болады».
Кітапхана меңгерушісі Қалбибі Жолшықызының сөзін қортындыласақ, хәкім Абайдың еңбектерін әлі де бүгінгі заманның талабына сай зерттеулер жүргізу – болашақ ұрпақтың үлесінде дейді.